14 қыркүйек, дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы

14 Қыркүйек 2020, 08:50
1907
Бөлісу:
14 қыркүйек, дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қыркүйекте республиканың барлық аумағында жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі. Дегенмен, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, жаңбыр, екпінді жел болжанады. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, елдің солтүстік-батысы мен қиыр солтүстігінде түнде және таңғы уақытта тұман болады.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде күндіз найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстіқ Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерде тұман болжанады.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы