14 наурызға арналған ауа райы болжамы

14 Наурыз 2023, 08:00
899
Бөлісу:
14 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 14 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігі бұрынғыша антциклон жырасының ықпалында болады, соған байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр және қар жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, солтүстік-батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл болжанды,- делінген Қазгидромет хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы