14 миллионнан астам шприц сатып алынады

6 Сәуір 2021, 11:02
1674
Бөлісу:
14 миллионнан астам шприц сатып алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін «Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Коронавирусқа қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру мен жүргізуге және вакцина көлемінің ұлғаюын ескере отырып, шприцтердің қажетті санын сатып алуға қатысты айтар болсам, биыл ақпан айында ВАК шешімімен халықты COVID-19-ға қарсы иммундау жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Вакцинаны өндіру және жеткізу барлық GMP және GDP стандарттарын, сондай - ақ «суық тізбекті» сақтай отырып жүргізіледі, - деді Алексей Цой.

Министр КВИ-ға қарсы вакцинация мәселелері бойынша 9 мыңнан астам медицина қызметкері арнайы оқытылғанын айтты.

600-ден астам вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды, олар t-18°С кезінде вакцинаны сақтауға мүмкіндік береді. Наурыз айының соңына дейін 300 мың азаматқа вакцинацияның қолжетімділігі қамтамасыз етілді және 11,3 млн шприц сатып алынды. Жоғарыда айтылған вакциналарды қосымша жеткізумен және егу пункттерін ашу қажеттілігімен қатар, біз тағы 14,5 млн бірлік шприц сатып алу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы