Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстік пен шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Маңғыстау, түнде және таңертертең Алматы облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ болады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.