14 күндік шектеулерді барынша тиімді жүргізу маңызды - Сағынтаев

2 Шілде 2020, 22:54
1133
Бөлісу:
14 күндік шектеулерді барынша тиімді жүргізу маңызды - Сағынтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін алдағы 14 күндік шектеулерді барынша тиімді жүргізу маңызды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысында қосымша шектеу шараларын енгізуге дайындық барысын талқыладық. Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес қызметі екі аптаға тоқтатылатын кәсіпкерлік субъектілердің тізімін анықтаймыз. Ал қызметін жалғастыратын мекемелер үшін санитарлық қауіпсіздік бойынша қатаң ережелер белгіленбек, - деді ол. 
Әкім эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін алдағы 14 күндік шектеулерді барынша тиімді жүргізу маңызды екенін айтты. 

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін алдағы 14 күндік шектеулерді барынша тиімді жүргізу маңызды. Сырқаттану мен ауруханаға жатқызу деңгейінің динамикасына қарай шектеу шараларын ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады. Бұл біздің әрқайсымызға байланысты, - деп жазды Сағынтаев. 

Өзгелердің жаңалығы