Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронтальді бөліктерінің өтуіне байланысты кей жерде жел күшейіп, жаңбыр жауады. Кей жерде республика бойынша тұман күтіледі.Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.