14-16 қарашаға арналған ауа райы болжамы

13 Қараша 2020, 13:48
1714
Бөлісу:
14-16 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталығы Екатеринбургте орналасқан ылғалды циклон Қазақстанның көп бөлігінің ауа райын анықтайды, деп болжайды синоптиктер.

Жауын-шашын, кей жерлерде қатты, көбінесе қар түрінде жауады, жел күшейеді, солтүстік жартысында бұрқасын болады.

Еліміздің батыс аймақтарына циклонның артына суық солтүстік-батыс антициклонның жылжуымен 15 қарашадан бастап жауын-шашынның тоқтауы болжанады.

Түңгі уақыттарда еліміздің басым бөлігінде 10-18 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында 2-13 аязға дейін ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ күтіледі.


Өзгелердің жаңалығы