Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы мен Әзірбайжаннан 8 халықаралық әуе рейсі келді.
874 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 741 адам, анықтамасыз 133 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 573 жолаушы, анықтамамен - 466, анықтамасыз - 107;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 166 жолаушы, анықтамамен - 141; анықтамасыз - 25;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен - 134; анықтамасыз - 1.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет
2021 жылдың 31 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 644 ел азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.