13 жасар баланы іздеуге Қазавиақұтқару тікұшағы көтерілді

8 Маусым 2024, 08:10
364
Бөлісу:
13 жасар баланы іздеуге Қазавиақұтқару тікұшағы көтерілді
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары ауадан жоғалған адамды іздей бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ТЖД гарнизонынан құтқарушылар мен Кинологиялық қызмет төртінші тәулікте жер үсті жұмыстарын жүргізуде. Олар баланың барлық болуы мүмкін жерлерін мұқият тексеруді жалғастырады.

Сонымен қатар сүңгуірлер Ақтөбе қаласының аумағындағы су объектілерін тексереді.

Естеріңізге сала кетейік, 4 маусымда 2011 жылы туған бала үйден кетіп, оралмады.

Өзгелердің жаңалығы