13 су электр стансасын саламыз – Нұрлан Ноғаев

2 Ақпан 2021, 12:23
1234
Бөлісу:
13 су электр стансасын саламыз – Нұрлан Ноғаев

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. 2025 жылға дейін 13 су электр стансасы салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты.

Оңтүстік өңірде 2025 жылға дейін шамамен 1300 МВт газ генерациясын іске қосу жоспарлануда. 2025 жылдың соңына дейін белгіленген жиынтық қуаты 178 МВт-қа жуық 13 су электр стансасы нысанын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар биыл маневрлік су электр стансасын қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздері бойынша жиынтық қуатқа аукциондық сауда-саттық өткізу белгіленген, - дейді Нұрлан Ноғаев.
Оның айтуынша,жалпы алғанда, 2025 жылы ЖЭК электр энергиясын жалпы өндіру үлесін 6 пайызға жеткізу күтілуде.

Сондай-ақ еліміздің оңтүстік өңіріндегі электр желілерін күшейтуге қатысты ұсыныстарды қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылған. 

Желілерді күшейтудің негізделген тәсілін әзірлеу үшін «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп тәуелсіз ғылыми институт тартылатын болады. Батыс өңірдің электр желілерін күшейту аясында 2021 жылы Теңіз – Құлсары – Атырау – Индер – Орал бағыты бойынша 220 кВ электр желілерін күшейту жұмыстары басталады. Аталған жобалар мен жаңа қуаттарды оңтайлы орналастыру үшін ұзақмерзімді жоспарлауды қамтамасыз ететін 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім әзірленеді. Теңгерімді әзірлеу кезінде батыс өңірінің электр желілерін Біртұтас электр энергетикасы жүйесімен біріктірудің ұтымды нұсқасы айқындалатын болады. Бұл жұмыстар 2021 жылдың желтоқсанында бітеді, - деді министр.


Өзгелердің жаңалығы