13 қазанға арналған ауа райы болжамы

13 Қазан 2023, 08:27
763
Бөлісу:
13 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК 13 қазан, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Қазақстаның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, жауын жауып, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Тек елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде күн жауын-шашынсыз. Республика бойынша екпінді жел, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жел тұрып, жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді және одан да жылдам болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында, Жамбыл облысының батысында 1-3 градус үсік күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы