Педофилдің артынан 13-қабаттан секірген полицей медальмен марапатталды

21 Шілде 2020, 17:05
1620
Бөлісу:
Педофилдің артынан 13-қабаттан секірген полицей медальмен марапатталды

Алматы, BAQ.KZ. 13-қабаттан аса қауіпті қылмыскердің артынан секірген полиция қызметкері медальмен марапатталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД хабарлады.

Айта кетсек, Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция майоры Бақытжан Бәкіров өз өмірін қатерге тігіп, қарақшылық және кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдіктіні ұстаған еді.

Екібастұздан келген 1989 жылы туған Ш. есімді ер адам 11 шілде күні түскі уақытта кілтті таңдау арқылы Покровская көшесіндегі үйлердің біріне кіреді. Сол сәтте үйде екі бала болды: 4 жасар ұл бала және оның 15 жастағы әпкесі. Пышақпен қорқытып, қаскөй 17 мың долларды иемденген, содан кейін ол қызды қорлаған. Осы өрескел және аса ауыр қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Бүгінгі таңда жедел және арнайы шаралардың нәтижесінде күдіктінің жасырынып отырған орны анықталды. Бұл әл-Фараби даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің 13-қабатындағы пәтер. Ш. есімді азаматты ұстау кезінде ол жасырынуға тырысты: ашық терезеден секіріп кетті, жедел уәкіл оның артынан секірді. Екеуі де бір қабат төмен орналасқан террасаға түсті, полиция майоры Бәкіров аяғы сынғанына қарамастан, күдіктіні оқшаулап, оның қашып кетуіне жол бермеді. Қаскөй тұтқындалды.

Бүгін біздің әріптесіміз Бақытжан Бәкіров Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша “Құқық тәртібін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды. Осы мақсатпен біз оның үйіне барып, денсаулығын біліп, тезірек сауығып кетуін тіледік. Осындай жанқиярлық қызметтің мысалдарын қолдана отырып, біз полиция қызметкерлерінің жас ұрпақтарына тәлім береміз және шын жүректен азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауда нағыз кәсіби іс-әрекеттерді қалай жүзеге асыратынын нақты көрсетеміз. Майор Бәкіровқа ризашылығымды білдіремін. Осындай лайықты ұлды тәрбиелеп өсірген ата-анасына ерекше алғыс айтамын, – дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов. 

Сонымен қатар, министрдің және ПД басшысының бұйрықтарымен Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің тағы жеті қызметкері марапатталды, олардың шебер әрекеттерінің арқасында баланы қорлаған аса қауіпті қылмыскер ұсталып, лайықты жазасын алады.

Өзгелердің жаңалығы