13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24 Сәуір 2022, 02:46
1475
Бөлісу:
13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 24 сәуірде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

24-25 сәуірде Алматы облысында уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыста соққан жел бағыты солтүстік-батыс ауысады, кей жерлерде 17-22 м/с б.

Алматы қаласында күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, 24-25 сәуір найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Ақмола облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда 17-22, тау асуларында 25 м/с.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жаңбыр. Кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 24 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз 15-20, облыстың орталығында күші 25 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 24 сәуірде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр, дауыл, найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстік жартысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-20, екпіні 25 м/с соғады.

24 сәуірде күндіз Қарағанды облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23 м/с жетеді.

Павлодар облыстың оңтүстікгінде солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Нұр-Сұлтан қаласында 24 сәуірде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.

Өзгелердің жаңалығы