14 ақпан сағат 22:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дизельді және қоғамдық көлік құралдары үшін қозғалыс шектеледі, - деп жазылған хабарламада.
Абай облысында - 7 учаске (825 км)
Ақтөбе облысында – 2 учаске (405 км)
Алматы облысында - 1 учаске (84 км)
Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске (511 км)
Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)
Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
Қарағанды облысында - 1 учаске (48 км)
Қостанай облысында - 1 учаске (83 км)
Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км)
Павлодар облысында - 2 учаске (423 км)
Солтүстік Қазақстан облысында - 3 учаске (316 км)
Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)
Ұлытау облысында - 2 учаске (438 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 332 бірлік техника және 412 жолшы жұмылдырылған.