13 маусымда ауа райы қандай болады?

12 Маусым 2021, 22:27
1281
Бөлісу:
13 маусымда ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің синоптиктері аптаның соңғы күні, 13 маусымда қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты.


Болжам бойынша, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың батысында бұршақ жаууы мүмкін, тек Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жауын-шашын болмайды. Кей жерде жел күшейіп, дауыл, шаңды дауыл тұрады деп болжанып отыр.

Дабылды ескерту:

Алматы облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.   

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Бесқарағай ауданында өрт қаупі өте жоғары деңгейде болады.

Қызылорда облысында кей жерде шаңды дауыл тұрады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

13 маусымға қараған түні Ақтөбе облысында кей жерде найзағай ойнайды.

 Ақмола облысында күндіз кей жерде найзағай ойнайды.

Қарағанды ​​облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде жылдамдығы – 15-20 м/с.  

Маңғыстау облысында күндіз кей жерде найзағай ойнайды.

Павлодар облысында кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады.

13 маусымда Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды деп болжануда. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

13 маусымда Жамбыл облысында таулы және тау бөктері аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Қостанай облысында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Мегаполистердегі ауа райы:

Елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +8 .. +10 ° C, күндіз +23 + 25 ° C болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +13 .. + 15 ° C, күндіз +24 .. + 26 ° C жетеді.

Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде +17 .. +19 ° C, күндіз +33 .. +35 ° C ыстық болады деп болжануда.


Өзгелердің жаңалығы