120 мыңнан астам астаналық декларация тапсыруға міндетті

10 Шілде 2023, 13:41
658
Бөлісу:
120 мыңнан астам астаналық декларация тапсыруға міндетті
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

120 мыңнан астам астаналық активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметі мәлім етті.

Департамент 17 шілдеде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) қағаз жеткізгіште, сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларацияны ((270.00-нысан) беру мерзімі аяқталатынын еске салады.

Астана қаласы бойынша екінші кезең шеңберінде мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларын қоса алғанда) 120 681 қызметкері және олардың жұбайлары декларациялауға жатады. Тұрғылықты жері бойынша декларацияларды қағаз жеткізгіште ұсыну мерзімі - 15 шілдеден кешіктірмей, электрондық түрде - 15 қыркүйектен кешіктірмей, - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық түрде ұсыну тәсілдері (cabinet.salyk.kz), "Электрондық үкімет" порталы (egov.kz), сондай-ақ eSalyq Azamat және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы.

Өзгелердің жаңалығы