12 жылда ел халқы 20 пайызға өсті

30 Қазан 2023, 17:06
696
Бөлісу:
12 жылда ел халқы 20 пайызға өсті
Фото: Арман Мухатов - Архив

Ұлттық статистика бюросы «2021 жылғы халық санағының» тақырыптық жинақтарын жариялай бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2009 жылғы санақтан бері Қазақстан халқы 20% өсті. Тиісінше, 2021 жылғы 1 қыркүйектегі санақ қорытындысы бойынша халық саны 19 186 015 адамды құрады. Үш өңірде халық саны 2 млн адамнан асты – Алматы (2 146 576) мен Түркістан облыстары (2 054 021) және Алматы қаласы (2 030 285), - деп жазылған хабарламада.

Ұлттық статистика бюросы санақ аралық кезеңде халық санының ең өкп өсімі үщ өңірде байқалғанын мәлімдеді.

Астана қаласында – 2 есе (613 мыңнан 1 234 мың адамға дейін),

Шымкент қаласында 1,5 есе (730 мыңнан 1 112,4 мың адамға дейін) және

Маңғыстау облысында (485 мыңнан 735 мың адамға дейін) байқалды.

Өзгелердің жаңалығы