1,2 тонна марихуана, 350 кг гашиш. Үш ұйымдасқан топ ұсталды

20 Маусым 2022, 13:05
1350
Бөлісу:
1,2 тонна марихуана, 350 кг гашиш. Үш ұйымдасқан топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлық профилактикасы  сияқты мәселелер әрқашанда Мемлекет басшысының назарында, Үкімет тарапының бақылауында және ішкі істер органдарының басым бағыттарының бірі. 

Ал еліміздегі есірткі ахуалы келесі факторлармен сипатталады:

- «есірткі нарығында» жаңа синтетикалық  заттардың белең алуы;

- «ауған» героинінің елімізге жеткізілуі қаупінің сақталуы;

- каннабис тобындағы есірткілерді өсіруге қолайлы өзіміздегі шикізат қорының болуы.

Осыған байланысты есірткі тарататын интернет-дүкендерді, сондай-ақ оларды өндірумен айналысатын жасырын зертханаларды, еcірткілерді жеткізу арналарының жолын кесу бойынша үнемі жұмыс істеледі. Биыл 5 ай ішінде ішкі істер органдары жалпы 3 мыңнан аса  есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 1 мыңнан аса есіртікі қылмысы болса,  692 есірткі өткізу  және 215 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактілері, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар ол ел аумағында үш ірі қылмыстық топтың ұсталғанын алға тартты. 

Нұр-Сұлтан қаласы және Атырау облысында каннабис тобындағы есіртікілерді  жеткізумен және сатумен айналысқан, үш ұйымдасқан қылмыстық топтың  жолы кесілді. Екі тоннадан аса есірткі  алынды, оның ішінде 1,2 тонна марихуана, 350 кг гашиш және 70 кг жуық синтетикалық есірткінің түрлері, - деді Бақытжан Әмірханов. 

Өзгелердің жаңалығы