12 тамыздан бастап Астанада мектепке қажет заттар жәрмеңкесі өтеді

1 Тамыз 2023, 21:45
807
Бөлісу:
12 тамыздан бастап Астанада мектепке қажет заттар жәрмеңкесі өтеді
Фото: архив

Астана қаласының бес ауданында оқушыларды мектепке дайындау үшін жәрмеңкелер ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді.

12 тамыздан бастап демалыс күндері елорда тұрғындары жәрмеңкеден мектепке қажет құрал-жабдықтарды арзанырақ бағамен ала алады.

Қазіргі уақытта жәрмеңкелерге дайындық жұмыстары жүріп жатыр, – деді Қасымхан Сенғазыев.

Сонымен қатар ол жәрмеңкелердің қай аудандарда өтетінін хабарлады:

Алматы ауданында – Абылай хан көшесі, №20 үй маңында;

Байқоңыр ауданында – «Аймақтау» сауда орталығында;

Есіл ауданында – Ботаникалық саябақ тұрағында;

Нұра ауданында – цирк тұрағы;

Сарыарқа ауданында – Шаймерден Қосшығұлұлы көшесі, №14 үй маңында.

Өзгелердің жаңалығы