12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

12 Сәуір 2023, 07:24
728
Бөлісу:
12 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: egemen.kz

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 12 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың басым бөлігі жоғары қысым ықпалында болады, осыған байланысты көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – найзағай, бұршақ, батыста – шаңды дауыл, солтүстік-батыста және орталықта – тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Өзгелердің жаңалығы