12 мыңға жуық адам ем қабылдауды жалғастыруда

28 Қараша 2020, 09:08
1123
Бөлісу:
12 мыңға жуық адам ем қабылдауды жалғастыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 28 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 184 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 60 адам емделіп шықты. 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 975 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 822 бала бар. Стационарларда 3 294 науқас жатыр. 8 681 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 199 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 41940, 440 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30422 жетті.
Өзгелердің жаңалығы