Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киік санын реттеуге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр киік санын реттеудің екі жолы барын айтады.
Біріншісі – коралдық (киіктерді айдап кіргізетін қоршау) әдіс. Бұл іс-шара әдетте күндіз жүргізіледі. Екіншісі – түнгі уақытта ату. Біз бірінші жолмен жүрдік. Алайда, ауа райының жағдайына және көлікті тиімді пайдалану мүмкіндігінің жоқтығына байланысты екінші әдісті жоспарлап отырмыз. Мен жауаптан қашпаймын, киік санын реттеу қажет, - деді министр.
Ведомство басшысының айтуына қарағанда мұның бәрі қасқыр сынды реттеушінің жоқтығын орын алып отыр.
Бұрын жұт, құрғақшылық болып, жайылым болмай қалатын. Мұнан бөлек, ауру таралатын, - деді Ерлан Нысанбаев.
Министрдің мәлімдеуінше, киіктер санының өсуі ауылшаруашылық жануарларымен жайылымдар мен суаратын жерлер үшін бәсекені күшейтті, ауылшаруашылығы алқаптарының тапталуына әкелді. Соңғы үш жыл ішінде киіктер мекендейтін өңірлерде, әсіресе Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік шиеленіс байқалып отыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша шамамен 121,9 мың гектарға жуық егіс, 247,7 мың гектар шабындық және 882,6 мың гектар жайылым жерлері зардап шекті. Келтірілген залалдың мөлшері 12 млрд теңгеден асады.