Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жаппай шағымдарын ескере отырып, Маңғыстау облысының прокуратурасы «Phystech II» АҚ қызметінде тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Компания қызметінде экологиялық, еңбек заңнамалар мен жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексінің талаптарының орындалмауы, оның ішінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы және басқа да кемшіліктер анықталды.
Нәтижесінде, прокуратура қабылдаған шаралар бойынша кәсіпорын мемлекетке 1,2 млрд теңге сомасына залалды өтеді, сондай-ақ 70 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдарды төледі.