Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 қарашада ел аумағының басым бөлігінде ауа райына Салехард аймағынан келетін циклон әсер етеді. Осыған байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Кей жерде қатты жаңбыр, қар жауады. Еліміздің кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.
Жамбыл облысының кей жеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында екпіні 30 м/с-ден асып кетуі мүмкін.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жеріне тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, жел 15-20м/с жетеді, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с жетеді, Павлодар облысында күндіз екпіні 23-28 м/с.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.
Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ болады, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.