Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Солтүстік Батыс циклоннын оңтүстік-шығыс бағытта ығысуына байланысты Қазақстан облысының басым бөлігінде түрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде найзағаймен жаңбыр, солтүстікпен орталықта жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. Оңтүстік пе солтүстік шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерде республика бойынша тұман күтіледі, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, ал оңтүстікте түнде үсік күтіледі.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының түнде кей жерінде 1-3 градус үсік күтіледі, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарыныңда жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман күтіледі.
Атырау облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, түнде Ақмола облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі, түнде және таңертең найзағай болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.