12,5 млрд теңге негізсіз шығынның алды алынды

24 Шілде 2020, 17:21
1409
Бөлісу:
12,5 млрд теңге негізсіз шығынның алды алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы айтты.

Агенттіктің қызметкерлері "Атамекен" ҰКП-ның "Бірыңғай сатып алу терезесі" жүйесі арқылы 6,1 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алдын алды. Аталған фактілер мемлекеттік сатып алу әкімшілеріне олар келіскен жоғары сомаларды азайту туралы ұсынымдармен жеткізілді. Негізгі мақсат – сатып алу жоспарының тармақтарын адекватты бағаға қайта қарау. "Сапалы жол" жобасы жүзеге асыру сәтінен бастап Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен бірлескен жұмыстың арқасында жолдарды жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы сараптау қорытындысы бойынша 12,5 млрд.теңге сомада тиімсіз шығындардың алдын алды, - деді ол. 

Сонымен қатар, жыл басынан бері жалпы құны 488 млн теңге болатын сапасыз жолдардың қабылдауға жол берілмеді.
Темір жол тасымалы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету бағытында "Адал жол" жобасы ҚТЖ-ның темір жол билеттерін сатып алу мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жеңілдікпен билеттерді онлайн сату ұялы қосымшасын іске қосуға бастамашылық жасады. Сондай-ақ темір жол тасымалдары 100% қалпына келтгеннен кейін билетсіз жүретін жолаушыларға қатысты мәселені шешуге мүмкіндік беретін – тұлғаларды Face ID зияткерлік жүйесі арқылы тексеруді енгізу жоспарлануда, - дейді Асанұлы. 

Ол атап өткендей, агенттіктің қызметкерлері аталған компаниялар тап болатын кедергілерді жоюға көмектесіп қана қоймай, тиісті мемлекеттік органдармен олқылықтарды пысықтап жатыр. 
Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 21 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке, ал тәртіптік жазаға 61 мемлекеттік қызметкер тартылды, олардың ішінде басшылар мен әр түрлі санаттағы әкімдер бар. Жыл басынан бері қылмыстық-құқықтық шаралар аясында лауазымды тұлғалардың бизнесті жүргізуге заңсыз араласуының 190 фактісі анықталып, 205 кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы