11,9 млрд теңге. Жер қойнауын пайдалану аукцион арқылы сатылды

1 Қыркүйек 2022, 10:37
1037
Бөлісу:
11,9 млрд теңге. Жер қойнауын пайдалану аукцион арқылы сатылды

2022 жылғы 31 тамызда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі кезекті электрондық аукцион қорытындылары шықты, аукцион 2022 жылғы 22 шілдеде өткізілген болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Заңнамаға сәйкес жеңімпаздар түпкілікті қол қою бонусын төлегеннен кейін электрондық аукцион қорытындылары шығарылады.

Естеріңізге сала кетейік, аукцион 21 жер қойнауы учаскесі бойынша өткізілген болатын, 18 жер қойнауы учаскесі бойынша жеңімпаздар анықталды, ал заңнамада белгіленген мерзімде қол қою бонусы төленбеген 3 жер қойнауы учаскесі келесі аукционға қайта шығарылады («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 100-бабының 5-тармағы).

18 жер қойнауы учаскесі бойынша бастапқы қол қою бонусының сомасы 1,7 млрд теңгені құрады.

Аукцион қорытындылары бойынша ел бюджетіне төленген қол қою бонусының жалпы сомасы 11,9 млр теңгені құрады, бұл бұрын өткізілген барлық электрондық аукциондардың қорытындылары бойынша ең жоғары сома болып табылады.

Осы учаскелер бойынша геологиялық барлауға инвестициялардың ең аз сомасы 20,0 млрд теңгені құрайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы