11 жылда қазақстандықтар мемлекетке 56 мыңнан астам атыс қаруын тапсырған

10 Сәуір 2023, 12:33
676
Бөлісу:
11 жылда қазақстандықтар мемлекетке 56 мыңнан астам атыс қаруын тапсырған
Фото: stan.kz

Бұл туралы ІІМ өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, министрлік 15 жылдан бері заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу акциясын өткізіп тұрады.

Қаруды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу бойынша республикалық акцияларды 2008 жылдан бері үнемі өткізеді. Бұл акциялар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 11 жылдың ішінде осындай акциялар барысында барлығы өтемді түрде жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге 56 мыңнан астам бірлік атыс қаруы және 2 млн-нан астам ойық қарудың патрондары ерікті түрде тапсырылған, - деп атап өтті Әкімшілік полиция комитетінің өкілі.

Ал былтырғы акцияның нәтижесінде азаматтар жалпы соммасы 89 млн теңгеге 1400 бірлік атыс қаруы, 10 мыңнан астам ойық қаруының патрондары ерікті түрде тапсырған.

Қарудың ең көп тапсырылған саны Түркістан (237 бірлік), Жамбыл (160 бірлік), Шығыс Қазақстан (153 бірлік), Қызылорда (116 бірлік), Қарағанды (107 бірлік), Ақмола (105 бірлік) және Алматы (90 бірлік) облыстарында байқалды. Бұл шаралар криминогендік ахуалға оң септігін тигізді, - деді Асылбек Ыдырысов.

Белгілі болғандай, тек соңғы 5 жылда қарумен жасалған қылмыстар саны тек соңғы 5 жылда қарумен жасалған қылмыстар саны айтарлықтай азайған. Мәселен, 2016 жылы бұл көрсеткіш 389-ға тең болса, 2021 жылы 192-ге түскен.

Өзгелердің жаңалығы