Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбіде республиканың оңтүстігінде, батысында және солтүстік-шығысында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы сақталып, кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Еліміздің калған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірде тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады.
Ақмола және Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болжанады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында сондай-ақ, тұманды болады.
Алматы облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жалаңашкөл аумығында жел 17-22 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Қарағанды облыстарының жекелеген аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерін де тұман басуы ықтимал.