11 сәуірге арналған ауа райы болжамы

11 Сәуір 2023, 08:03
806
Бөлісу:
11 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: sn.kz

Қазгидромет синоптиктері 11 сәуір, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың көп бөлігі әлі де атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Соның салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады және жаңбыр мен қар жауады.

Оңтүстікте таулы аймақтарда кей уақытта қатты жаңбыр жауады.

Тек Қазақстанның солтүстігі мен батысында күн ашық.

Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстік-батыста тұман, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, орталығында және тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Өзгелердің жаңалығы