11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

30 Қазан 2022, 17:57
2527
Бөлісу:
11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болжанады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. 

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік- батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді. 

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, 31 қазанда тәулік бойы облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шымкент қаласында таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. 

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең 29-30 қазанда тұман күтіледі.  Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы