11 мың шақырым автожолға құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр - ИИДМ

17 Қазан 2022, 10:23
903
Бөлісу:
11 мың шақырым автожолға құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр - ИИДМ

Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Соның ішінде 25 мың шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар болса, 21 мың шақырымы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алға қойған мақсаттардың бірі – 2025 жылы республикалық желі бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесін 100%-ға дейін, ал жергілікті жол желілері бойынша 95%-ға жеткізу, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, көліктік-транзиттік әлеуетті дамыту автомобильдік транзиттерді арттыру арқылы қамтамасыз етіледі. 

Бүгінде еліміздегі 8 автомобильдік-транзиттік дәліздің жалпы ұзындығы 13 мың шақырымды құрайды. Қазіргі таңда республикалық желі бойынша нормативтік жағдайда 90% жол, жергілікті желі бойынша 80% жол бар. Биыл жалпыхалықтық жалпыға ортақ пайдаланылатын 11 мың шақырымнан астам автожолды құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Өзгелердің жаңалығы