"11 көлік, 2 пәтер тәркіленді": Семейде заңсыз құм өндіргендер ұсталды

28 Сәуір 2025, 11:36
344
Бөлісу:
"11 көлік, 2 пәтер тәркіленді": Семейде заңсыз құм өндіргендер ұсталды
VIDEO
Фото: Видеодан скрин

Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар 2023 жылдың қыркүйегі 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан.

Нәтижесінде күдіктілер заңсыз түрде 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.

Кейіннен құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізу жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылған. Оны сатудан түскен қылмыстық табыс 150 миллион теңгеден асты. Күдіктілер осы қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан,- делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы