Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 ақпанда республиканың басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді, көктайғақ болады, боран соғуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.
Оқи отырыңыз:
11 ақпанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте түнде кей жерлерде қалың қар түседі. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал. Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс облыстары антициклон ықпалында болғандықтан күн райы ашық болады, - делінген болжамда.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, Жамбыл, Түркістан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын слоғады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.