106-ыншы Қазақ Кавалериялық Дивизиясы. Талқандалған.

9 Мамыр 2019, 09:57
4625
Бөлісу:
106-ыншы Қазақ Кавалериялық Дивизиясы. Талқандалған.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылышпен жауға шапқан батырлар - мақтаныш. Ал екінші дүниежүзілік кезінде болғаны — масқара. Себебі батырларымыз қылышпен ... танкідегі жауға шапқан болатын! Мұны гротескілі, әсіре әңгіме деп ойлап қалмаңыздар.


1942 жылдың көктеміндегі Харьков түбіндегі жанкешті ұрыстар жүздеген мың жауынгердің өмірін қиды. Оның ішінде толығымен жойылып кеткен 106-ыншы Қазақ Ұлтық Кавалериялық Дивизиясы да бар. Бұл дивизияның өмірде болғаны ресми мойындалмады, оның ұрысқа қатысқаны жоққа шығарылып келді. Алайда сол ұрыстарға қатысқан қызыл әскерлер арасында — танкіге жалаң қылышпен шабуыл жасаған жанкешті қазақтар туралы алып-қашпа әңгімелер болды.
Украинаға - Қазақстаннан

Архивтерден 106-ыншы дивизияны тапсыру актісі табылып отыр. Бұл — дивизияның өмірде болғанының және ұрыстарға қатысқанының бұлтартпас дәлелі. Акт 1942 жылдың 9 мамырында жасалған, онда Харьков түбіндегі Савинцы теміржол стансасына толық кавалериялық дивизия келгені, оның Ақмоладан 28 сәуірде шығып, 12 мамырда жеткені жазылған. Дивизия саны — 4092 адам; барлығында небәрі — 102 винтовка, 68 миномет және 3 100 қылыш болған.
Олар атымен бірге келген, оны Қазақ халық шаруашылығы қамтамасыз етіпті. Жауынгерлер Ақмола, Петропавл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар обыстарынан жиналған.
Жауынгерлердің саяси-моралдық күйіне «жалпы жақсы» деген баға берілген.
Бұл актіні Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің мемориалды жобаларға жауапты шенеунігі Мағжан Қахарманов тауып алған.
Соңғы қоршау

Харьков түбіндегі 1942 жылдың мамырындағы шабуылдар кезінде үш совет армиясы қоршауға түсіп, жойылып кетті. Сталин осы армиялардың ақырғы, сегізінші рет қоршауға түсуіне маршал Тимошенконы, генерал Баграмянды және әскери кеңес мүшесі Хрущевті кінәлі деп есептеді. Ал маршал Василевский болса, осылай боларын ескерткен болатын. Армиялардың талқандалуына байланысты жиналыста Сталин кінәлі қолбасшыларға: «қазір осы майдандағы қиын ахуалды бүкіл елге хабарласақ, мен халықтың сендерді не қылатынын білмеймін...» депті.
Жергілікті тұрғындар мен вермахт генералдарының естеліктеріне сүйенсек, совет солдаттарының мәйіттері майдан алқаптарын жауып кеткен. Адам шыдатпас иісті кетіруге және індет жайылып кетпеу үшін мәйіттерге ұшақтармен хлор шашқан.
 
  Қазақ дивизиясының ақыры
Қазақ боздақтары да осы қырғында кетті. Олардың сүйектері Красноград қаласының маңынан табылған. Атты сарбаздардың ақырғы шайқасы туралы дерек жоқ, бірақ украин іздеушілерінің арқасында аз-кем мағлұмат алдық.
«Феникс-К» іздеу жасағы ұрыс болған жерлерде жылқы қаңқаларымен аралас адам сүйектерін тапқан. Жергілікті зоотехник бұл жануарлардың азиялық аласа жылқы тұқымынан екенін айтқан. Іздеушілер сонымен бірге — атты сарбаздарда қару болмағанына және қыс киім кигендеріне көз жеткізді. Көктем күні қыс киіммен жүрудің өзінің қайғылы сыры бар. Сарбаздар Қазақстаннан шыққанда — қыс болатын. Ал Харьков түіне келгенде, оларға ауыстыратын киім бермеген.
Қазақ сарбаздары атпен неміс танкілерін және пулеметтерін шабуылдаған. Жау оларды төбесі биік сайға қарай ықтырған. Тапал аттар ол сайдан мінген адамымен бірге қарғып шыға алмайтын еді. Ендеше, барлығы осы жерде біткен. Сайдың түбінде жиналған салт атты қазақ сарбаздар оңай нысанаға айналып шыға келген. Олар аттарымен бірге түгел атылған.
Ұолға түскен сарбаздарды немістер үлкен карьердің ішінде жасалған «Дулаг-205» уақытша лагерге айдаған.
Осы қырғыннан тірі қалған аз адамның бірі — Мұстафа Юнусов болды, ол 106-ыншы Қазақ Дивизясының санитары болған. Ол соғыстан кейін қару мен оқ-дәрінің тіпті жетпегені, сарбаздардың 5 тәулік бойы ұқйытамағаны туралы айтып берген.
Харьков облысының Красноград ауданының елді-мекендеріндегі ұрыс алаңдарын және бауырластар зираттарын зерттегеннен кейін, 200-ден астам кавалерист сарбаздың есімін жаңғырту мүмкін болды.
 
 Түпнұсқа авторы: Александр Бражник, russian7.ru

Өзгелердің жаңалығы