Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, елімізде 1 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орынның қамтылу деңгейі төмендеген.
Қазақстанда 1 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орындардың қамтылу деңгейі 56%-дан 34%-ға дейін, ал реанимациялық төсек-орындар 45%-дан 29%-ға дейін төмендеді. Резервте 20 мыңдай төсек-орын бар, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.Сондай-ақ ведомство басшысы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты уақытша инфекциялық нысандарды жабу жұмыстары да жалғасып жатқанын алға тартты.
25 тамыздан 18 қазанға дейінгі аралықта еліміздің барлық өңірі бойынша 103 нысан жабылды, - деді Алексей Цой.Еске сала кетейік, бұған дейін министр елімізде 11 млн-нан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алғаны туралы айтқан болатын.
Оқи отырыңыз: