Жазиралы Жаркент өңірінің тұрғыны Зейнелхан Оспанова елден ерте тұрып, өз таңдауын жасады. Президент сайлауында да әжеміз бірінші болып дауыс берген еді, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
12 құрсақ көтерген кейуана қарттығына қарамастан ел ішіндегі маңызды шаралардан қалыс қалмауға тырысады.
Мен референдумда президент сайлауында да өзім келіп дауыс бергем. Бүгін міне тағы да келдім. Бұл менің парызым. Әркім осылай таңдау жасау керек. Елдің ертеңі жастар. Жасым 101-ге келді. Сондықтан жасымды берсін, - деп батасын берді.
Сайлау учаскесі ең бірінші болып дауыс берген әжеге құрмет көрсетіліп, сыйлық жасалды.
Бүгінде Панфилов ауданында 78 дауыс беру учаскесі бар. Ал жалпы 84 мыңнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие.
Оқи отырыңыз: