100 қазақ үй, қазақша киінген роботтар: Алматы мерекені цифрлық форматта жаңартты

Алматыдағы цифрлық трансформация көрерменін таңқалдырды.

 Наурызнама телеграм-арнасы Бүгiн 2026, 19:00
Бүгiн 2026, 19:00
92
Фото: Наурызнама телеграм-арнасы

Алматы «ақылды» Наурыз трендін қолдап, қалалық мерекелердің цифрлық трансформациясына арналған ауқымды бағдарламаны ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мегаполисте бірден 100 тақырыптық киіз үй тігіліп, тұрғындар үшін 15 бірегей IT-шешім енгізілді.

Мерекелік іс-шараларға офлайн форматта 400 мыңнан астам адам келсе, интернет арқылы оқиғаларды 1,5 миллионнан астам көрермен тамашалады. Ақпараттық кеңістікті 500 баннер мен LED-экран қамтамасыз етті. Қала сахналарында 300 әртіс өнер көрсетті. Олардың қатарында Роза Рымбаева мен «МузАрт» тобы да бар.

Осылайша технологиялық тәсіл ұлттық дәстүр рухымен үйлестірілді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы жастары «Тазару күніне» орай концерт пен флешмоб өткізді.

Наверх