Бұл туралы "Qazcontent" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Мақат Садық әлеуметтік парақшасында өз ойын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Qazcontent" АҚ ұжымы - басқарма төрағасы Бекзат Бақбергенұлының ұйымдастыруымен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызының бастамасымен «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясына өз үлесін қосты, - дейді ол.
Сондай-ақ ол бүгін елорда іргесіндегі Қосшы қаласындағы 3 мектепке қазіргі кездегі сұранысы көп 100 кітапты сыйға тартқанын тілге тиек етті.
Балалар әдебиеті, көркем әдебиет, тарихи жанрдағы кітаптардың кейбірінде классик жазушыларымыз: С.Мұратбеков, Ә. Кекілбаев, Ф. Оңғарсынова, Н. Айтұлы және басқа да қаламгерлеріміздің қолтаңбалары бар.Кітап - рухани азық дейміз. Біз жанымызды байытқан кітаптарды жеткіншек ұрпақ та оқып, әйгілі тұлғалардың қолтаңбасымен де таныс болса деген ойға келдік…,- дейді кеңесші.
Оның ойынша, кітапты көп оқитын ел болсақ, баспалардан көптеп кітаптар шығып, дүкен сөрелерінен көптеп сатып алынатыны сөзсіз.
Сондықтан да оқыған кітаптарымызға белгі қойып, сыйға тартуды дәстүрге айналдырсақ игі іс ізгілікпен жалғаспақ.Бұл креативті идея тоқтамай жан-жақты жалғаса берсін. Оған барынша үлес қоса берейік, достар!, - дейді ол.