100-ден астам оқушы экологияны жақсартуды көздейтін жоба ұсынады

26 Сәуір 2023, 16:14
811
Бөлісу:
100-ден астам оқушы экологияны жақсартуды көздейтін жоба ұсынады
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco»республикалық экологиялық жобалар байқауы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам оқушы қатысады. 

Конкурс ұйымдастырушыларының айтуынша,байқау оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеп, экологиялық сауаттылықты арттырып, мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. 

Қатысушылар төрт бағыт бойынша жұмыстарын ұсынады.«Туған өлке табиғаты», «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем», «Үздік экологиялық бастама», «Таза қала сізден басталады». Ережеге сай жеңімпаздар мен жүлдегерлер жас ерекшеліктеріне қарай 5-6 және 7-8 сынып аралығында анықталатын болады, - деді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және грамоталармен марапатталады. Конкурс Ережесі www.daryn.kz сайтында қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы