Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ортақ келісім 2030 жылға қарай жүзеге аспақ, деп жазды «Хабар 24».
Бұл туралы Глазгодағы саммитте белгілі болды. Одан бөлек алқалы жиын қатысушылары 20 миллиард доллар бөлуге келісті.
Ақша осы күнге дейін бүлінген алқаптарды қалпына келтіріп, орман өртімен күреске жұмсалады. Тиісті декларацияға қол қойған елдердің қатарында Бразилия, Канада, Ресей, Қытай мен АҚШ бар.
Айта кетейік, бұл күндері Шотландияның Глазго қаласында жаһандық климат саммиті өтіп жатыр. Алқалы жиын 12 қарашаға дейін жалғасады.