10 жыл қиналған атыраулыққа ерекше ота жасалды

17 Мамыр 2023, 21:16
760
Бөлісу:
10 жыл қиналған атыраулыққа ерекше ота жасалды
PHOTO VIDEO

Атыраулық дәрігерлер жасөспірім қыздың мұрнынан 10Х3 сантиметрлік екі ісікті алып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ AtyrauPress сілтеме жасап.

17 жасар қыздың қуанышында шек жоқ. Өйтпегенде ше?! Ісік тек мұрынның гаймориттік аумағын ғана емес, беттегі барлық каналдың жолын бітеп тастаған.

Салдарынан науқас он жыл бойы қиналып келген. Тіпті, тыныс алудың өзі мүмкін болмай қалған соң, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге тура келіпті.

Өз кезегінде ақ халаттылар да еш ойланбастан хирургиялық ота жасауға бірден кірісіп кеткендерін айтады.

10 жыл қиналған атыраулыққа ерекше ота жасалды

Үш сағатқа созылған операция сәтті өтті деуге болады,- дейді бірегей отаны жасаған дәрігер-оториноларинголог Бауыржан Қадырғалиев.

Облыстық балалар ауруханасының басшысы Нұрқабыл Айтмұхамбетов соңғы жылдары дәрігерлердің халықаралық іс-тәжірибеден өтіп жатқанын мақтанышпен жеткізді.

Олар еуропалық ауруханаларға барып, шеберлік сыныптарына қатысады екен.

Мәселен, осы бағытта жуырда ғана Түркияға барып келген Бауыржан Қадырғалиев та эндоскопиялық ота жасудың қыр-сырын меңгеріп алған.

Өзгелердің жаңалығы