Алматы, BAQ.KZ. 2020 жыл 10 қыркүйекте Алматы қаласында тұмауға қарсы екпе жүргізу басталады. Тұмауға қарсы тегін екпені 400 000-нан астам алматылық алады.
Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың бас дәрігері Зухра Умарованың айтуынша, COVID-19 вирусының төмендеуіне қарамастан, денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта маусымдық аурулардың көбеюіне байланысты күздің суық ауа-райының аясында мамандар COVID-19 вирусының өсу ықтималдығын болжап отыр, бұл тұрғыда тұмауға қарсы вакцинациялар коронавирустық инфекцияға қарсы күресте маңызды рөл атқармақ.Барлығымызға белгілі, күзде созылмалы маусымдық аурулардың күшейетін уақыты, адамдар ЖРВИ және тұмаумен жиі ауыра бастайды. Әдетте, адамның иммунитеті төмендейді және ол кез-келген инфекцияға қарсы тұра алмайды, соның ішінде COVID-19 вирусымен тез ауырып қалуы ықтимал. Сондықтан тұмау инфекциясынан сенімді қорғаныс шараларымен қорғану өте маңызды, – дейді дәрігер.Қала емханаларына тіркелген тұрғындар арасында санақ жүргізіліп, тәуекел тобына жататындардың санаты анықталған. Осылайша, Алматы қаласының 400 мыңнан астам тұрғыны тұмауға қарсы тегін екпе алады деп жоспарлануда.
Олардың ішінде 65 жастан асқан адамдар саны – 264 мың, созылмалы ауруы бар тұрғындар – 125 мың, 22 мың бала, 9 мың медицина қызметкері, 7 мыңнан астам жүкті әйелдер. Осыған байланысты Алматы қаласының тұрғындары арасында тұмауға қарсы қауіпті топтар бойынша тегін вакцинациялаудың ауқымды қалалық бағдарламасы басталды. Жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға учаскелік дәрігердің тағайындауы бойынша тіркелген жеріндегі емханада тұмауға қарсы екпені ақысыз алуға болады,-дейді Зухра Умарова.
Қалалық емханаларында вакцина салу әзірленген кестеге сәйкес 10 қыркүйектен 30 қарашаға дейін жүргізіледі. Емхана дәрігерлері тәуекел тобындағы науқаспен байланыс орнатып, екпеге шақырып отырады.
Сондай-ақ, қалалық емханаларда халықты вакцинациялау бойынша 1500 медицина қызметкері кіретін 370 егу бригада тобы ұйымдастырылған.
Біз емханалардың жұмысын қалалықтар өздеріне ыңғайлы уақытта ала алатындай етіп ұйымдастыруға тырыстық. Емхана дәрігерлері науқасқа таңғы сағат 08.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін қоңырау шалып, жазба кітапшасына жазатын болады,-дейді дәрігерВакцинация мәселелері бойынша азаматтар тұрғылықты жері бойынша емхананың тіркеу бөліміне жүгіне алады.
Зухра Умарова айтуынша, вакцинация кезінде адам ең алдымен өзін аурудың асқынуынан қорғайды. Вакцинацияның қорғаныш әсері 14 күннен кейін пайда болады және иммунитетке байланысты 6-12 айға созылады. Соңғы 3 жылда Алматы қаласында екпе алған азаматтар арасында тұмаудың асқыну жағдайлары тіркелмеген.