10 наурызда Қазақстанның үш өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

 pexels.com Бүгiн 2026, 02:12
Бүгiн 2026, 02:12
238
Фото: pexels.com

10 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш өңіріндегі мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында ауа температурасы -30°C-қа дейін төмендеуіне байланысты 0–11 (12) сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары қашықтықтан оқиды.

Ақтөбе облысы өңірінде де қолайсыз ауа райына байланысты барлық білім беру мекемелеріндегі 1–11 сыныптың бірінші ауысымдағы оқушылары үшін сабақ онлайн форматта өтеді. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады.

Ал ­Өскемен қаласында синоптиктер жаңбыр, қатты жел және көктайғақ болады деп болжауда. Осыған байланысты бірінші ауысымдағы 0–5 сынып оқушылары онлайн оқиды. 

Наверх