10 наурызға арналған ауа райы болжамы

10 Наурыз 2020, 08:13
985
Бөлісу:
10 наурызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер сейсенбі – 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігі мен шығысында, фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, солтүстікте және шығыста бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының кей жерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерінде түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.



Өзгелердің жаңалығы