10 мыңнан астам қорап заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

3 Шілде 2023, 10:31
1085
Бөлісу:
10 мыңнан астам қорап заңсыз темекі өнімдері тәркіленді
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Жетісу облысында 10 мыңнан астам қорап заңсыз темекі өнімдері тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бақылау-есепке маркалары жоқ акцизделетін (темекі) өнімдерді тасымалдады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізуде.

Жүк көлігін тексеру барысында жалпы құны 7 млн ​​теңгеден асатын 10 мыңнан астам қорапты құрайтын тіркеу және бақылау белгілері жоқ темекі өнімдері табылып, тәркіленді, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта темекі қайдан келгені анықталып жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге мәліметтер таратуға жатпайды.

Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы