10 моноқаланы дамытуға қазынадан 1,7 трлн теңге бөлінеді

17 Ақпан 2023, 17:31
1123
Бөлісу:
10 моноқаланы дамытуға қазынадан 1,7 трлн теңге бөлінеді

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Сенатта өткен Парламенттік тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, 10 моноқаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспары бекітілу сатысында.

Бұл мақсаттарға 1,7 трлн теңге бөлінеді. Бұл республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ жеке инвестициялар. Ауылды дамытудың алдағы 5 жылға арналған  тұжырымдамасы әзірленді. Ауыл шаруашылығын дамыту бағытында да  кешенді жұмыстар жүргізілуде, - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары. 

Сонымен қатар былтыр ауыл шаруашылығы саласында көрсеткіштер өскенін алға тартты. 

2022 жылы ауыл шаруашылығы саласы жоғары өсу қарқынын көрсетті. Жалпы өнім көлемі 9 пайызға өсті. Соңғы 10  жылда біз астық дақылынан ең жоғары өнім алдық. 5,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жері  мемлекет меншігіне қайтарылды. 2023 жылы  тағы 5 млн гектар жерді қайтарамыз деп отырмыз. Жалпы сыйымдылығы( 201 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы  іске қосылды. Азық-түлік қауіпсіздігі жоспары мен қант өнеркәсібін дамытудың  кешенді жоспары қабылданды. Нәтижесінде азық-түлік өндірісі 4 пайызға артты, - деді Роман Скляр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін сенатор Серік Шайдаров «орталық» пен өңірлер арасында байланыс жоқтығын айтып, Үкімет көбінесе Мемлекет басшысының сынынан немесе қоғамдық резонанстан кейін ғана өңірдегі мәселелерге назар аударады деген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы