10 бос орынға 324 түйіндеме. Елде қандай мамандарға сұраныс жоқ

15 Қыркүйек 2022, 11:11
902
Бөлісу:
10 бос орынға 324 түйіндеме. Елде қандай мамандарға сұраныс жоқ

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да жұмыс берушілер 2022 жылғы тамызда Электронды еңбек биржасында қандай мамандарды жиі іздейтіні айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғары білікті мамандықтар бойынша – тәрбиешілер, оқытушылар және дәрігерлер.

Мәселен, тамыз айында тәрбиешілер мен олардың көмекшілеріне деген сұраныс ұсыныстан 2 есе асып түсті – 1,8 мың түйіндемеге қарағанда 3,9 мың бос орын. Екінші орында ЖОО мен колледж оқытушылары. Олар үшін 2 мың түйіндемемен 3,5 мың бос жұмыс орны жарияланды. Дәрігерлер үшін 1,1 мың түйіндемемен 2,2 мың бос жұмыс орны жарияланды, - делінген хабарламада.

Ал біліктілігі жоқ еңбек қызметкерлерінің арасында ЭПТ-ға ең үлкен сұранысқа жүк тиеушілер (265 түйіндемеге қарсы 2,2 мың бос жұмыс орны) және құрылыс саласындағы жұмысшылар (332 түйіндемеге қарсы 2,1 мың бос жұмыс орны) ие болды.

Бұл ретте мамандар бойынша ең үлкен профицит қаржыгерлер (10 бос орынға 324 түйіндеме), заңгерлер (304 бос орынға 1242 түйіндеме), автомеханиктер (65 бос орынға 354 түйіндеме), биотехнологтар (12 бос орынға 256 түйіндеме), фельдшерлер (268 бос орынға 681 түйіндеме) және мал өсірушілер (95 бос орынға 464 түйіндеме) арасында бос жұмыс орындары байқалды.

Өзгелердің жаңалығы