10 айда денсаулық сақтау саласына 201 млрд теңге бөлінген

18 Желтоқсан 2020, 15:04
1886
Бөлісу:
10 айда денсаулық сақтау саласына 201 млрд теңге бөлінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 10 айында денсаулық сақтау саласына 201 миллиард теңге жұмсалған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіште екі есе көп, деп хабарлайды kapital.kz.

Қазан айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 52 миллиард теңгені құрады. Бұл айлық көрсеткішпен 14% және жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 4,3 есеге көп.

Айта кету керек, 2020 жылдың қазан айындағы инвестиция көлемі биылғы және былтырғы айлық көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары.

2020 жылдың 10 айында Алматының денсаулық сақтау саласына ең көп қаражат салыныпты. Нақтырақ айтқанда, 44,9 миллиард теңге. Осы рейтингте екінші орында Қарағанды облысы тұр (19,7 миллиард теңге). Үштікте Алматы облысы бар (19,5 миллиард теңге).

Өзгелердің жаңалығы