10 адам шықса, 3 адамның артынан ешкім келмейді. Абзал Құспан ұсталғандар туралы айтты

11 Ақпан 2022, 12:22
2254
Бөлісу:
10 адам шықса, 3 адамның артынан ешкім келмейді. Абзал Құспан ұсталғандар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан журналистерге арналған брифингте айтты. 

Қазақстан бойынша 800-ден астам қылмыстық істер бойынша қамауда отырған адамдардың барлығында адвокат жалдауға мүмкіндігі жоқ. Жартысынан жуығының адвокат жалдамақ түгілі артынан іздеп келетін адамы жоқ. Қазір соны айтсақ, еңбегімізді бұлдаған сияқты көрінетін шығармыз. Азаматтарға айтып тамақ бергізіп жатырмыз, - деді ол.

Құспанның айтуынша, Алматы қаласында бір күнде 10-15 адамнан шығарған. 

Өзіміз де түсірдік, БАҚ та жазды. 10 адам шыға ма, үш адамның артынан келетін адам жоқ. Оларды өзіміз орналастырумен айналыстық. Бірақ біз оған жарнама жасап,  осындай қайырымдылықпен айналысып жатырмыз деген әрекеттерге барған жоқпыз, - деді Абзал Құспан.

Өзгелердің жаңалығы